«Мәслихаттың «Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 381 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Мәслихаттың «Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 381 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8901 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лисаков қаласы мәслихатының 2021 жылғы 11 тамыздағы № 52 шешіміне қосымша
2020 жылғы 6 қаңтардағы № 381 шешіммен бекітілген
Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Лисаков қаласы Октябрь кентінің Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 39-3-бабының 3-1-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді. 2. Осы Регламентте қолданылатын негізгі ұғымдар: 1) жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|