Осы редакция 2015 жылғы 17 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 136 бұйрығына 1-қосымша
Селекциялық жетістікке патент беруге өтінім беру және оны қарау жөніндегі
1. Осы Ереже «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және селекциялық жетістікке патент беруге өтінім беру және оны қарау тәртібін белгілейді (бұдан әрі - Ереже). 2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады: 1) селекциялық жетістік авторы (селекционер) (бұдан әрі - автор) - сортты, тұқымды жасаған, ашқан немесе өсіріп шығарған жеке адам; 2) селекциялық жетістік - адамның шығармашылық қызметінің нәтижесі болып табылатын, патент берілген өсімдіктің жаңа сорты, жануарлардың жаңа тұқымы; 3) Мемлекеттік комиссиялар - Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Республикалық мемлекеттік басқару органының Ауыл шаруашылық дақылдарының сортын сынақтан өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиясы мен Тұқымдарды сынақтан өткізу және сапасын анықтау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы; 4) өтінім - селекциялық жетістікке патент беруге өтінім; 5) конвенциялық өтінім - 1961 жылғы 2 желтоқсандағы Селекциялық жетістіктерді қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға сәйкес берілген өтінім; 6) өтінім беруші - селекциялық жетістікке патент беруге өтінім жасаған жеке немесе заңды тұлға; 7) патент иеленуші - селекциялық жетістікке берілген патенттің иесі; 8) оригинатор - сортты (тұқымды) оның сақталуын қамтамасыз ететін жеке немесе заңды тұлға; 9) Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімі - Қазақстан Республикасының қорғалатын өсімдік сорттарының мемлекеттік тізілімі мен Қазақстан Республикасының патенттер берілген сорттарды, тұқымдарды қамтитын қорғалатын жануарлар тұқымдарының мемлекеттік тізілімі; 10) Уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|