«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2008 жылғы 30 мамырдағы № 81 (1307) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларында: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады: 1) біліктілік емтиханы - теориялық және практикалық дайындықтың, тәжірибе мен құзыреттіліктің жеткілікті екендігін объективті айқындауға, олардың талаптарға сәйкестігін бағалауға және біліктілік деңгейін беруге мүмкіндік беретін рәсім; 2) біліктілік комиссиясы - техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушыларына бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульді игеру қорытындылары бойынша жұмысшы біліктілігін беру рәсімін өткізу үшін құрылатын алқалы орган; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|