Арнаулы су пайдалануға рұқсат алуға арналған өтініш нысанын және арнаулы су пайдалануға рұқсат нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 23-бабы 1-тармағының 33) тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Арнаулы су пайдалануға рұқсат алуға арналған өтініш нысанын; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Арнаулы су пайдалануға рұқсат нысаны бекітілсін. 2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін; 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық 2025 жылғы 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі 2025 жылғы 4 маусымдағы № 106-НҚ бұйрыққа 1-қосымша
Нысан
Арнаулы су пайдалануға рұқсат алуға арналған өтініш
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|