Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларын бекіту туралы (2023.13.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 208 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2020.22.01. № 51 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2022.01.02. № 111 бұйрығымен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 41-бабына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 236 бұйрығымен бекітілді
Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау
ҚР Қаржы министрінің 2022.01.02. № 111 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Осы Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 41-бабына сәйкес әзірленді және мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау тәртібін айқындайды.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|