«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамын бюджеттік кредиттеудің негізгі шарттарын бекіту туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 180-бабының 2-тармағына және «2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2018 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобаларын қаржыландыру үшін кейіннен «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамын кредиттей отырып, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамын бюджеттік кредиттеудің негізгі шарттары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Қаржы министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамымен кредиттік шарттар жасасуды; 2) кредиттеудің негізгі және қосымша шарттарының орындалуын бақылауды; 3) бюджеттік кредиттердің нысаналы және тиімді пайдаланылуын, уақтылы өтелуі мен оған қызмет көрсетілуін бақылауды және мониторингілеуді қамтамасыз етсін. 3. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы (келісу бойынша) тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне кредиттердің игерілуі туралы ақпарат берсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 564 қаулысымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|