«2020-2022 жылдарға арналған Ақсуат ауылдық округінің бюджеті туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы №286-54/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы кодексінің 109-1 бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. «2020-2022 жылдарға арналған Ақсуат ауылдық округінің бюджеті туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 286-54/4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №7073 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 8 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: аталған шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2020-2022 жылдарға арналған Ақсуат ауылдық округінің бюджеті 1,2,3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемде бекітілсін: 1) кірістер - 624 240,9 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 11 000 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 284 мың теңге; трансферттердің түсімдері - 612 956,9 мың теңге; 2) шығындар - 637 777,7 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 0, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 0; бюджеттік кредиттерді өтеу - 0; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 0; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - -13 536,2 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 13 536,2 мың теңге; қарыздар түсімі - 0; қарыздарды өтеу - 0; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 13 536,2 мың теңге.». Аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|