|
|
|
30.03.2022 Сотта татуластыру рәсімдерінің қолданылуын кеңейту
Қазақстан Республикасының Азаматтық-процестік кодексі (бұдан әрі - АПК) сот жүргізуді және азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру жөніндегі міндеттерді атқару мақсатында әзірленген. Орасан зор маңызы бар, сондай-ақ Кодекстің әрбір нормасы арқылы жүзеге асырылып отырған азаматтық сот жүргізу саласының алдында тұрған міндеттер ретінде бұзылған құқықтар мен заңды мүделлердің қорғалуы, заңның сақталуы сияқты міндеттермен қатар – құқықтар мен заңды мүдделердің қалпына келтірілуіне, даудың бейбіт шешілуіне ықпал ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамда заңға және сот жүйесіне құрметпен қарауды қалыптастыру анықталған. Татуластыру рәсімдері АПК-нің 174-182 баптарымен реттеледі, осы баптарға сәйкес заң шығарушылар сотта даудың бейбіт түрде шешілуіне ықпал ету үшін татуластыру рәсімдерінің тәсілдерін кеңейте түскен. Мысалы, тараптар дауды келесі жолдармен шеше алады: -татуласу келісімін жасау, -медиация тәртібімен келісімге келу, -партисипативтік рәсімдер тәртібімен(бұдан әрі - Келісімдер). Медиацияны жүргізу, сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңымен де реттеледі. Барлық Келісімдерді сот бекітеді, алайда, сонымен қатар, олардың айырмашылық белгілері де бар, төменде соларға толығырақ тоқталып өтейік. Мәселен, тараптардың татуласу келісімін жасауы кезінде талап қою арызының нысанасы мен негізін бір мезгілде өзгертуге жол берілмейді. Медиатордың қатысуымен медиация жүргізілген кезде сот келісімнің шарттарын талқылауға қатыспайды. Сотқа даудың (жанжалдың) медиаторың қатысуымен реттелуі туралы келісім ұсынылады. Медиацияның тағы бір түрі – сот медиациясы, оны жүргізу үшін талап қою арызы судья-татуластырушыға беріледі. Тараптардың өтініші бойынша медиацияны істі қарайтын судья жүргізуі мүмкін. Бұл ретте, сот құқықтық кеңестер бермейді, келісімнің шарттарын тараптардың өздері ұсынады. Мұндай келісімнің артықшылық жақтары – медиацияны жүргізу кезінде тараптарға дауды (жанжалды) тоқтату үшін талаптың нысанасы мен негізін бір мезгілде өзгерту мүмкіндігі берілетіндігінде. Партисипативтік келісім дегеніміз – екі тараптың да адвокаттарының міндетті түрде қатысуымен және даудың шешілуіне ықпал етуімен, тараптар арасында келіссөздер жүргізудің нәтижесінде қол жеткізілген келісім. Партисипативтік келісім судьяның қатысуынсыз жүргізіледі. Оған тараптар да, екі тараптың адвокаттары да қол қоюы тиіс, олай болмаған жағдайда мұндай келісім татуласу келісімі деп аталатын болады. Татуласу (медиативтік, партисипативтік) келісімі, егер басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын болса, және заңға қайшы болатын болса, оны сот бекітпейді. Даудың татуластыру рәсімдерін қолдана отырып реттелуі талап қою ісін жүргізудегі кез-келген іс бойынша қарастырылған, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен қарауға жататын істер бойынша да қолданылады. Содай-ақ, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап АПК жаңа институт – сотқа дейінгі хаттама регламенттелді, ол тараптарға сотта қандай нәтижеге қол жеткізетінін болжамдауға және дауды сотқа дейінгі тәртіпте реттеу мүмкіндігін қолдануға мүмкіндік береді. Дауды татуласу (медиативтік, партисипативтік) келісімін жасау арқылы реттеу – даудың екі тарабына да қолайлы, аса икемді рәсім, оның даулар мен жанжалдарды шешудегі дәстүрлі тәсілдермен қатар, қомақты дасалмақты институт екені даусыз. Даудың татуластыру рәсімдерінің, сотқа дейінгі хаттаманың қолданылуымен реттелуі азаматтардың сот әділдігіне қол жеткізуін шектемейді, өйткені бұл ретте де даулар шешімін тауып, жанжалдар тоқтайды, ал азаматтар үшін бұл өте маңызды.
Қарағанды облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А.Муталяпова
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |