Кейбір мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 45, 46-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 130-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) оған «Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Мекеме туралы ереже бекітілсін. 3. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес өткізу актісі бекітілсін. 4. Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының «Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы «Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Орталық) болып өзгертілсін және әділет органдарында қайта тіркеуден өткізілсін. 5. «Атырау облысы Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен Орталықтың жарғысын бекітуге және өзгерістер мен толықтырулар енгізуге өкілеттік берілсін. 6. Мекеменің келесі құрылымы бекітілсін: 1) басшы; 2) басшының орынбасары; 3) Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі; 4) қаржы және құқықтық қамтамасыз ету бөлімі; 5) ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдары мониторингі бөлімі; 6) қоғамдық-саяси жұмыс бөлімі; 7) талдау және мониторинг бөлімі; 8) этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлім; 9) ақпараттық-талдамалық жұмыс бөлімі; 10) жастар және әлеуметтік бастамаларды қолдау бөлімі. 7. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес облыс әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|