Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Мәдениет пен өнер саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (Дохада қ., 2015 жылғы 26 қазанда)
ҚР Үкіметінің2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 524 Қаулысымен бекітілді
2016 жылғы 15 қырқүйекте күшіне енді
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі екі ел арасындағы өзара достықты нығайтуға және мәдениет пен өнер саласындағы ынтымақтастыққа жағдай жасауға ниет білдіре отырып, төмендегілер туралы келісті:
Тараптар екі елдің мәдениет саласындағы, атап айтқанда музыка, театр және бейнелеу өнері, ұлттық мәдени игілік объектілерін қорғау және сақтау саласындағы тәжірибе алмасуы мен ынтымақтастығын қолдайды. Тараптар сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің аумағында өткізілетін өнер және мүсіндер көрмелерін, фестивальдар мен мәдени іс-шараларды өткізу туралы ақпарат алмасады. Тараптар халықаралық конференциялар мен кездесулерге қатысу шеңберінде мәдениет саласындағы ынтымақтастық мәселелерін үйлестіреді.
Тараптар өз мемлекеттерінің заңнамаларына сәйкес баспа және қолжазба құжаттары, графикалық, дыбыс-бейне материалдары мен электрондық тасығыштардағы құжаттар, сондай-ақ қолжазбаларды реставрациялау саласындағы оқыту курстары туралы ақпарат алмасу арқылы өздерінің ұлттық кітапханалары арасындағы ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|