«Пошта байланысы қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: «Пошта байланысы қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14370 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Пошта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 70) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пошта байланысы қызметтерін ұсыну қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Пошта байланысы қызметтерін ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Пошта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 70) тармақшасына сәйкес әзірленді және пошта операторларының пошта байланысы қызметтерін ұсыну тәртібін айқындайды.»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) ақаулы жөнелтілім - салынымына қол салушылық белгілері бар (буып-түю бүтіндігі бұзылған) немесе салмағы қабылданған кездегі салмаққа сәйкес келмейтін пошта жөнелтілімі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|