Егіндікөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы (2025.24.03. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңына сәйкес, Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес, Егіндікөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар айқындалсын. 2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес, Егіндікөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын. 3. Осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес, Егіндікөл ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын. 4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Егіндікөл ауданының әкімдігі
Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2025.27.02. № 8C27-2 шешімімен 1-қосымша жаңа редакцияда (2025 ж. 24 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Егіндікөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С55-3 шешіміне 1-қосымша
Егіндікөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|