Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойғы ай сайынғы стипендияның мөлшерін белгілеу және оны төлеу қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 803 Қаулысымен күші жойылды
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойғы ай сайынғы стипендияның мөлшері 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін. 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойы ай сайын стипендия төлеу қағидалары бекітілсін. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1122 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойы ай сайын стипендия төлеу қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойы ай сайын стипендия төлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының (бұдан әрі - ҰҒА) зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойғы ай сайынғы стипендияны белгілеу тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) ғылым саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы салааралық үйлестіруді және басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|