«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 544-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде: 1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ережелер»; 2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Министрліктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері»; орталық аппараттың функцияларында: 17-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «17-1) стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпаратты сыныптауыштарды және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеуді, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;»; 19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «19) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 132-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектiлерінiң (объектілерінің) қызметiне қойылатын талаптарды белгілейді;»; 20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «20) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;»; 37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «37) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 82-бабының 2-тармағында көзделген құжаттар бойынша кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерге талдау жүргізеді;»; 41) тармақша алып тасталсын; 60) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «60) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссияның ережесі мен құрамын әзірлейді және бекітеді;»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|