Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы (2025.14.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің ең төменгі әлеуметтік стандарты бекітілсін. 2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А.Жонтаева) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялануын; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025.31.03. № 60 бұйрығымен әлеуметтік стандарты жаңа редакцияда (2025 ж. 14 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 515 бұйрығымен бекітілген
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің» ең төмен әлеуметтік стандарты
1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі. 2. Қолданыстағы ең төмен әлеуметтік стандарт негізделген Қазақстан Республикасы заңдарының тізбесі: 1) «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 2) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|