Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы (2023.22.01. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін. 2. Көкшетау қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын: 1) «Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы» Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № А-9/3497 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6108 болып тіркелген); 2) «Көкшетау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № А-9/3497 «Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 23 қазандағы № А-10/1538 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8091 болып тіркелген). 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|