Павлодар қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы «Павлодар қаласының 2017 - 2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 95/15 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106 - бабының 4 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМҚАБЫЛДАДЫ: 1. Павлодар қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы «Павлодар қаласының 2017 - 2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 95/15 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5334 болып тіркелген, 2017 жылғы 21 қаңтардағы № 7 «Сарыарқа Самалы» газетінде және 2017 жылғы 21 қаңтардағы № 7 «Звезда Прииртышья» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: 1) тармақшада: «53 954 564» сандары «54 164 356» сандарымен ауыстырылсын; «45 271 975» сандары «45 481 767» сандарымен ауыстырылсын; 2) тармақшада «53 441 555» сандары «54 797 543» сандарымен ауыстырылсын; 5) тармақшада «506 202» сандары «-639 994» сандарымен ауыстырылсын; 6) тармақшада «-506 202» сандары «639 994» сандарымен ауыстырылсын; көрсетілген шешімнің 1 - қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін. 3. Осы шешім 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2017 жылғы 6 наурыздағы № 121/17 шешіміне қосымша
Павлодар қаласының 2017 жылға арналған бюджеті (өзгерістерімен)
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|