|
|
|
Павлодар облысы аумағында шектеулі карантиндік шаралар туралы (өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы) Павлодар облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 23 Қаулысы
Павлодар облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 25 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» № 360-VІ ҚРЗ Кодексінің 38, 104-баптарының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. 2021 жылғы 20 қыркүйектегі «Павлодар облысы аумағында шектеулі карантиндік шаралар туралы» № 21 Қаулысына төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 3-тармақтың 51) тармақшасы төмендегі редакцияда жазылсын: «51) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын сақтаған жағдайда (қарбалас сәтте автобустар санын ұлғайту, кондуктордың болуы, соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен өңдеу, барлық есіктерді ашу, толымдылығы отыратын орын саны бойынша, жолаушылардың қоғамдық көліктерде қорғаныс бетпердесіз кіруіне жол бермеу) қоғамдық көліктердің жұмысына рұқсат беруді». 2. Осы Қаулының орындалуың бақылауды өзіме қалдырамын. 3. Осы Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |