ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережеде: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Мемлекеттік күзет қызметі республикалық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның нақты және шартты атаулары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері, мөртабандары, белгіленген үлгідегі мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі бланкілері, өзінің рәмізі мен айырым белгілері, туы, жалауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.»; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 30.»; 1) тармақшасының отыз екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «заңды және жеке тұлғалардың күзет іс-шараларын өткізу орындарында белгіленген тәртіпті сақтауын талап ету;»; 2) тармақшасының тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Президентін және өзге де күзетiлетiн адамдарды байланыспен қамтамасыз етуді, президенттік байланыс жүйелерінің қауіпсіздігін, сондай-ақ олардың ақпараттан оқшау қалуына жол бермеу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуді ұйымдастыру. Президенттік байланыспен қамтамасыз ету жөніндегі өзара іс-қимылды ұйымдастыру тәртібі Мемлекеттік күзет қызметінің және мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|