Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының басшыларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 32-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрықтағы қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) республикалық бюджеттік бағдарламаларына бюджеттік бағдарламалардың басшылары бекітілсін. 2. Бюджеттік бағдарламалардың басшылары: 1) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер жөніндегі техникалық ерекшеліктерді және әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптарды (бар болса) уақтылы бекітсін; 2) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша шарттарға және орындалған жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және тауарларды қабылдау - беру актілеріне уақтылы, оның ішінде электрондық қол қойсын. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар/кіші бағдарламалар бойынша мыналарды: 1) бюджеттік бағдарламалар басшысына сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер жөніндегі техникалық ерекшеліктерге және әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптарына (бар болса) уақтылы қол қойғызуды; 2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының әрекеті қолданылмайтын жетекшілік ететін республикалық бюджеттік бағдарламалар шеңберінде жасалатын шарттарды (келісімшарттарды) уақтылы келісуді: сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге қарай мүдделі құрылымдық бөлімшелермен; 3) жетекшілік ететін республикалық бюджеттік бағдарламалар шеңберінде жасалатын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайтын шарттарға (келісімшарттарға) бюджеттік бағдарламалар басшыларының уақтылы қол қоюын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|