Өкілдік шығындарға арналған қаражаттарды пайдалану тәртібі мен өкілдік шығындардың нормаларын бекіту туралы
«Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдаланудың үлгілік қағидаларын және өкілдік шығындардың нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 863 бұйрығына (нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу Тізілімінде 17522 нөмірімен тiркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Өкілдік шығындарға арналған қаражаттарды пайдалану тәртібі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Өкілдік шығындардың нормалары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін. 3. «Қызылорда облысының қаржы басқармасы» және «Қызылорда облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемелері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау «Қызылорда облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ғ.М. Әміреевке жүктелсін. 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 153 қаулысына 1 қосышма
Өкілдік шығындарға арналған қаражаттарды пайдалану тәртібі
1. Өкілдік шығындар - бұл тиісті қаржы жылына жергілікті бюджетте көзделген және шетелдік делегацияларды қабылдауға, отырыстар, конференциялар, кеңестер, семинарлар, салтанатты және ресми іс-шаралар өткізуге пайдаланылатын қаражаттар. Өкiлдік шығындарға: 1) автокөліктік қызмет көрсету; 2) аудармашылардың қызметін төлеу; 3) ресми түскі астар, кешкі астар, фуршеттер; 4) облыстың әкімі рұқсат еткен өзге шығыстар жатады. 2. Мынадай құжаттардың болуы өкілдік шығындарға қаражат бөлуге негіз болып табылады: 1) іс-шараларды өткізу қажеттігінің негіздемесі; 2) ресми делегацияның келуі бағдарламасы; 3) іс-шараларды дайындау жоспары; 4) қатысушылар саны туралы деректер; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|