Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және парниктік газдар шығарындыларына сертификатты қайта ресімдеу қағидаларын бекіту туралы (2015.16.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 30 шілдедегі № 363 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-4-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және парниктік газдар шығарындыларына сертификатты қайта ресімдеу қағидалары бекітілсін. 2. «Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту үшін өтініш нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 326-ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 8902 тіркелген, 2014 жылғы 1 ақпандағы № 22 (27643) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналасуын; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалауы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|