Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бюджет қаражаты көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге 2022 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 107-883 Қаулысы
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 6-бабы 3-тармағының 7-4) тармақшасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бюджет қаражаты көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге 2022 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.О. Жакеновке жүктелсін. 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2022 жылғы 29 наурыздағы № 107-883 қаулысына қосымша
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бюджет қаражаты көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге 2022 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|