«Blockchain» технологиясын қолдана отырып, «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» және «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу» мемлекеттік қызметтерін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 159/НҚ және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бірлескен бұйрығы
9-тармаққа сәйкес 2022 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде жаңа сервиске бағдарланған тәсілдерді байқаудан өткізу үшін БҰЙЫРАМЫЗ: 1. «Blockchain» технологиясын қолдана отырып, «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» және «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу» мемлекеттік қызметтерін көрсету бойынша пилоттық жобаны (бұдан әрі - пилоттық жоба) іске асырылсын. 2. Екінші деңгейдегі банктердің қатысуымен Blockchain технологиясын қолдана отырып, «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» және «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу» мемлекеттік қызметтерін көрсету бойынша қоса беріліп отырған алгоритмі (бұдан әрі - Алгоритм) бекітілсін. 3. Екінші деңгейдегі банктер (келісім бойынша) дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисі арқылы дербес деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілінің келісімін алуды қамтамасыз етсін. 4. Екінші деңгейдегі банктер Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетімен дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисіне қол жеткізу туралы келісім жасалсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|