Алматы қаласы әкiмдiгiнiң «Алматы қаласындағы діни қызмет саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы 24 шiлдедегi № 3/470 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 4/602 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Алматы қаласы әкiмдiгiнiң «Алматы қаласындағы діни қызмет саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы 24 шiлдедегi № 3/470 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1198 болып тiркелген, 2015 жылғы 29 тамызда «Алматы ақшамы» газетінде және 2015 жылғы 3 қыркүйекте «Вечерний Алматы» газетінде жарияланған) келесі өзгерiстер енгiзiлсiн: аталған қаулымен бекітілген «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті, осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда мазмұндалсын; аталған қаулымен бекітілген «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті, осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда мазмұндалсын; аталған қаулымен бекітілген «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті, осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда мазмұндалсын. 2. Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте осы қаулыны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi, кейiннен мерзiмдi баспа басылымдарында, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде және Алматы қаласы әкiмдiгiнiң ресми интернет-ресурсында ресми жариялауды қамтамасыз етсiн. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|