Тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын басқару кезінде ірі экологиялық оқиғаларды болғызбау бағдарламасын, сондай-ақ осындай оқиғаларға ден қоюдың ішкі жоспарын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 362-бабының 1-тармағына (бұдан әрі - Кодекс) және «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын басқару кезінде ірі экологиялық оқиғаларды болғызбау бағдарламасы, сондай-ақ осындай оқиғаларға ден қоюдың ішкі жоспарын әзірлеу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқарудағы мемлекеттік саясат департаменті ҚазақстанРеспубликасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заңқызметі департаметіне осы бұйрықтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғиресурстар вице-министріне және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|