Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № А-7/328 қаулысымен бекітілді
Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы № А-1/22 Қаулысымен күші жойылды
«Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақмола облысының денсаулық сақтау ұйымдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы көрсетіледі. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: ХҚКО - диспансерлік есепте тұрғаны немесе тұрмағаны туралы анықтама беру; денсаулық сақтау ұйымдарында - диспансерлік есепте тұрғаны немесе тұрмағаны туралы анықтама беру. Мемлекеттік қызметті ұсыну түрі: қағаз.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген, «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әр рәсімдеудің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтылығы: 1) Медициналық тіркеу орны деректер базасында диспансерлік есепте тұрғаны немесе тұрмағандығы туралы тексереді, көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін тіркеу журналында көрсетеді - 30 минут. Нәтижесі - дәрігер-психиатрдың тексеруіне жіберу. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|