ҚР СТ ISO 14024-2023
Экологиялық затбелгілер мен декларациялар I типті экологиялық таңбалау Қағидаттар мен рәсімдер
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Мемстандарт)
4. І типті экологиялық таңбалаудың мақсаты 7. Сертификаттау және сәйкестік
Экологиялық таңбалаудың бірнеше тәсілдері бар. Осы стандарт І типті экологиялық таңбалау бағдарламаларын қарастырады, оған сәйкес экологиялық таңбалауды алдын ала белгіленген талаптарға жауап беретін өнімдер алады. Осылайша, таңбалау біртекті өнімдердің белгілі бір тобында экологиялық тұрғыдан қолайлы өнімді анықтайды. I типті экологиялық таңбалау бағдарламалары ерікті болып табылады, оларды қоғамдық немесе жеке ұйымдар жүзеге асыра алады және ұлттық, өңірлік немесе халықаралық сипатта болады.
Осы стандарт біртекті өнім топтарын таңдауды, өнімнің экологиялық артықшылық өлшемшарттарын және өнімнің функционалдық сипаттамаларын, сондай-ақ сәйкестікті бағалау мен растауды қоса алғанда, І типті экологиялық таңбалау бағдарламаларын әзірлеуге арналған қағидаттар мен рәсімдерді белгілейді. Стандарт сондай-ақ экологиялық таңбалауды пайдалану құқығын алу үшін сертификаттау рәсімдерін белгілейді.
Осы стандартты қолдану үшін стандарттау бойынша мынадай сілтемелік құжат қажет. Күні қойылмаған сілтемелер үшін сілтемелік құжатының соңғы басылымы қолданылады (оның барлық өзгерістерін қоса алғанда): ISO 14020 Environmental labels and declarations-General principles (Экологиялық затбелгілер мен мәлімдемелер. Негізгі қағидаттар)
Осы стандартта тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер қолданылады: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|