«Әкiмшiлiк деректердi жинауға арналған нысандарды және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 312 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы
«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 7) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Әкiмшiлiк деректердi жинауға арналған нысандарды және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 312 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10090 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 қаңтарда № 12 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Әкiмшiлiк деректердi жинауға арналған нысандарды және оларды толтыру бойынша түсіндірмелерді бекiту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Оралман мәртебесінің өзектілігі бойынша ақпарат» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысаны; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Оралман мәртебесінің өзектілігі бойынша ақпарат» әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Оралмандардың жас-жыныстық құрамы және оларды әлеуметтік қолдау бойынша ақпарат» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысаны; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Оралмандардың жас-жыныстық құрамы және оларды әлеуметтік қолдау бойынша ақпарат» әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме; 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Оралмандардың келген елдері бойынша ақпарат» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысаны; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|