ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы (2024.19.01. берілген өзгерістермен)
«Орталық мемлекеттік органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 214 Қаулысын қараңыз
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17 және 21-баптарына сәйкес және қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын, жауапкершілігін, есептілігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін. ҚР Президентінің 2023.20.11. № 399 Жарлығымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері: 1) жыл сайын 15 қаңтарға дейін: жылына бір рет әр ауданда және облыстық маңызы бар қалада облыс әкімінің кемінде бір көшпелі кездесуін; жылына бір рет қаланың әр ауданында республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің кемінде бір көшпелі кездесуін; жарты жылда бір рет әр ауылда, кентте, ауылдық округте, аудандық маңызы бар қалада аудан әкімінің кемінде бір көшпелі кездесуін; жарты жылда бір рет әр ауданда (шағын ауданда), ауылда, қаланың, ауылдық округтің құрамына кіретін кентте облыстық және аудандық маңызы бар кала, ауылдық округ әкімінің кемінде бір көшпелі кездесуін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|