Выступление Президента Казахстана Н.Назарбаева на XVII съезде партии «Hұp Отан»
Құрметті қазақстандықтар, съезд делегаттары!
Баршаңызды бүгінгі съездің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл - біз үшін тарихи, жауапты сәт. Бүгін партиямыздың Мәжіліс сайлауына қатысуына қажетті шешімдер қабылдауымыз керек. «Нұр Отанның» 17 жылдық көшбасшылығы біздің экономикамыздың, мемлекет пен қоғамның нақты жетістіктеріне айналғанына бәріміз куәміз. Осы уақытта ұлттық экономикамыздың жалпы көлемі 23 есеге ұлғайды. Соңғы 6 жылда экономиканың 28 жаңа саласы пайда болды, 890 өндіріс іске қосылды. Бұрын бізде ешқашан өндірілмеген 400 жаңа өнім түрі шығарыла бастады. 17 жылда жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 20 есе өсті. Партияның алдыңғы сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру аясында да қыруар жұмыс атқардық. Халық алдында алған міндеттемелер мен көздеген мақсаттар мерзімінен бұрын орындалды. Жаһандық экономикалық ахуал қиыншылығына, өтіп жатқан дағдарысқа байланысты Парламент пен Үкімет бірлесіп қыруар жұмыс атқарды. Қазақстан әлемдегі ең үздік 50 инновациялық экономиканың қатарына қосылды. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 1,3 есе артты. Құрылыс саласындағы отандық өнімдердің үлесі 72 процентке жетті. Инфрақұрылым саласында Қазақстанның бел ортасынан өтетін, бұрын-соңды салынбаған, жалпы ұзындығы 1300 шақырым болатын Жезқазған-Бейнеу, Арқалық-Шұбаркөл теміржол желісі салынды. Осының арқасында еліміздің барлық өңірлерінің арасында тікелей теміржол байланысы орнады. Аса ауқымды «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, іске асырылуда. 6 жасқа дейінгі балалардың 82 проценті балабақшамен қамтылды. Еліміз бойынша 30 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй салынды. Осының барлығы - мемлекеттің «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, елдің бүкіл өңірінде атқарған жұмысы болып саналады.
Дорогие казахстанцы! Уважаемые делегаты съезда и соратники!
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 150 тг
|