|
|
|
16.03.2022 Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру-мемлекеттік қызметкерлердің міндеті. Егер оның сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық туралы дәйекті ақпараты болса, ол мұндай құқық бұзушылықты алдын-алуға және жолын кесуге қажетті шараларды қолдануы тиіс. Қажетті шараларға уәкілетті мемлекеттік органдарды хабардар ету және жоғары тұрған басшыны, мемлекеттік орган басшылығын хабардар ету жатады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы туралы ақпарат алғаннан кейін мемлекеттік органның басшылығы ол бойынша тиісті шараны қолға алуы шарт. Мемлекеттік қызметшілер өз іс-әрекеттерімен және шешімдерімен жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруды қиындататын әкімшілік және өзге де кедергілерге жол бермеулері тиіс. Мұндай фактілер анықталған жағдайда мемлекеттік қызметшілер оларды жою жөнінде шараларды қабылдауға, мемлекетке келетін экономикалық залалды алдын-алу жөнінде барлық мүмкіндіктерді пайдалануы, жеке мүдделеріне және үшінші тұлғалардың мүдделеріне орай тексерулерге бастамашылыққа жол бермеуге, жеке мүліктік және мүліктік емес пайдалар алу үшін өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерді қолданбауға, мүдделер қақтығысын болғызбау үшін шаралар қолдануы тиіс. Мүдделер қақтығысы туындаған ретте, яғни мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделігі және оның өз лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше атқаруының немесе жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерінің арасында осы заңды мүдделерге зиян тигізетіндей қайшылық туындайтын жағдайда, мемлекеттік қызметші оның жолын кесу және реттеу жөнінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында көзделген шараларды қабылдауға міндетті.
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы Ж. Сулешова
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |