Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. ЕАЭО СЭҚ ТН 4406910000 «Сіңірілген теміржол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты тұқымдардан жасалған ағаш шпалдар» кодын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитеті: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын орындау бойынша бақылауды қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру бойынша шаралар қолдану туралы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» (келісім бойынша) акционерлік қоғамын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|