«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 180 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында: бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында: 01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында: 1 «Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар» функционалдық кіші тобында: мынадай мазмұндағы 011, 015 және 042 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 075 бюджеттік бағдарламасымен 263 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын: «263 Облыстың ішкі саясат басқармасы 075 Облыс Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету 011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен 015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 042 Республикалық бюджеттен жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтеріне берілетін субвенциялар есебінен»; мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 013 бюджеттік бағдарламасымен 362 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын: «362 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың ішкі саясат басқармасы 013 Республикалық маңызы бар қала, астана Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету 011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен 015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|