Ағымдағы және тұрақты бағаларда түпкілікті тұтыну әдісімен жалпы ішкі өнімді есептеу әдістемесін бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы Ереженің 17-тармағының 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Ағымдағы және тұрақты бағаларда түпкілікті тұтыну әдісімен жалпы ішкі өнімді есептеу әдістемесі қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Ұлттық шоттар департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасарына (Ж. Ә. Жарқынбаев) жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021 жылғы 5 қарашадағы № 27 бұйрығымен бекітілді
Ағымдағы және тұрақты бағаларда түпкілікті тұтыну әдісімен жалпы ішкі өнімді есептеу әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|