Осы редакция 2018 жылғы 29 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017.17.10. № 144 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2015 жылғы 22 мамырдағы № 190 бұйрығына 1-қосымша
«Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 11183 болып тіркелген, «Діни қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығымен бекітілген «Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік қызмет Стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі өтінішін қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - сараптама қорытындысы туралы хат. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағымен көзделген құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады. 5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының толықтығын және Стандарттың 9- тармағына сәйкестігін тексереді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|