Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Доминикан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Доминикан Республикасы азаматтарының қысқа мерзімді визасыз сапарлары туралы келісім
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 23 Қаулысымен бекітілді
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Доминикан Республикасының Үкіметі, Тараптар мемлекеттері азаматтарының, ұлттық және жалпыазаматтық паспорттар иелерінің тек туристік мақсаттағы өзара сапарларына ықпал етуге ниет білдіре отырып, достық қарым-қатынастарды нығайту, туризм саласында екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында төмендегілер туралы келісті:
1. Бір Тарап мемлекетінің азаматтары, жарамды ұлттық немесе жалпыазаматтық паспорт иелері екінші Тарап мемлекетінің аумағына тек туристік мақсатта келуге, транзитпен өтуге, онда болуға және одан кетуге 60 (алпыс) күннен аспайтын мерзімге виза алудан босатылады. 2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген паспорттар қолдану мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) ай қолданыста болуға тиіс.
Туризмнен басқа өзге мақсатпен екінші Тарап мемлекетінің аумағында 60 (алпыс) күннен асатын кезеңге келуге ниет білдіріп отырған бір Тарап мемлекетінің азаматтары, жарамды ұлттық немесе жалпыазаматтық паспорттар иелері визалық талаптардан босатылмайды және тиісті дипломатиялық немесе консулдық мекемелерде қажетті визаны алады.
Тараптардың әрқайсысы мемлекетінің азаматтары екінші Тарап мемлекетінің аумағына барлық халықаралық жолаушылар қатынасына арналған өткізу пункттері арқылы кіре алады, транзитпен өте алады және кете алады.
Осы Келісім Тараптардың әрқайсысы мемлекеттерінің азаматтарын олардың болу кезеңінде Тараптардың әрқайсысы мемлекетінің қолданыстағы ұлттық заңнамасын құрметтеу және сақтау міндеттемелерінен босатпайды.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|