|
|
|
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 қазандағы № 48 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – КВИ) таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақстан Республикасында COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинация паспорттарын/сертификаттарын/анықтамаларын тану туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 қазандағы № 48 қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСД-ның № 48 қаулысы) мынадай өзгерістер енгізілсін: ҚР БМСД-ның № 48 қаулысының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құжаттардың үлгілеріне сәйкес Аргентина Республикасында, Мажарстанда, Грузияда, Иран Ислам Республикасында, Иорданияда, Қырғыз Республикасында, Мальдив Республикасында, Моңғолияда, Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Молдова Республикасында, Перу Республикасында, Сан-Марино Республикасында, Сербия Республикасында, Тунис Республикасында, Үндістан Республикасында, Филиппин Республикасында, Таиландта, Түркия Республикасында және Эстония Республикасында берілген азаматтардың КВИ-ге қарсы вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын». 2. ҚР БМСД-ның № 48 қаулысына 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |