«Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 514 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 514 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17281 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларында: 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығы тексеріледі. Көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды әзірлейді және көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы МЕӨҚҚ аттестатын алу үшін құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы төрт жұмыс күні ішінде құжаттарды рұқсат беру талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды. Орындаушы көрсетілетін қызметті алушыға тиісті тексеру жүргізілгеннен кейін қағаз форматта аттестат беру құқығына арналған құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына баянат құрайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|