Әр түрлі сыныпты полигондарда орналастырылатын қалдықтар тізімдемесін бекіту туралы
Осы редакция 2017 жылғы 24 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 9 қаңтар 2007 жылғы Экологиялық Кодекстің 17-бабы 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: Осы тіркелген Әр түрлі сыныпты полигондарда орналастырылатын қалдықтар тізімдемесі бекітілсін. 2. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланған соң, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а.
Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 2 тамыздағы № 244-Ө бұйрығымен бекітілді
Әртүрлі сыныпты полигондарда орналастыруға арналған қалдықтар тізімдемесі
Осы қалдықтар тізімдемелері Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 299-бабына сәйкес жасақталған және әртүрлі сыныпты полигондарда орналастыруға арналған қалдықтарды айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Құрамы мен қасиетіне байланысты қалдықтар келесі сыныпты полигондарда орналастырыла алады: 1) 1-сынып - қауіпті қалдықтарды орналастыруға арналған полигон; 2) 2-сынып - қауіпті емес қалдықтарды орналастыруға арналған полигон; 3) 3-сынып - инертті қалдықтар орналастыруға арналған полигон. 2. Қауіпті қалдықтарды қауіпті емес және инертті қалдықтардың полигондарына орналастыруға тиым салынады. 3. Қалдықтарды белгілі бір сыныпты полигонда қабылдау өлшемдері: 1) қоршаған ортаны (әсіресе жер асты және жер беті суларын) және халықтың денсаулығын қорғау; 2) қалдықтарды полигон шегінде қалыпты жағдайға келтіру процестерін қамтамасыз ету; 3) қабылданатын қалдықтардың сапалы құрамы; 4) қабылданатын қалдықтар санына және олардың органикалық компоненттерінің биологиялық бұзылу икемділігіне қойылатын талаптар мен шектеулер; 5) аса қауіпті компоненттердің санына қорғаныс өлшемдеріне сәйкес қойылатын шектеулер; 6) қалдықтар мен құралатын сүзінділердің экоуыттылық қасиеттері. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|