Жекешелендірудің 2021 - 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы (2021.13.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 24 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Жекешелендірудің 2021 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі - Кешенді жоспар) бекітілсін. 2. Теңгерімдік құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 500 000 еселенген мөлшерінен асатын, басым тәртіппен бәсекелес ортаға беруге жататын квазимемлекеттік сектор субъектілері (бұдан әрі - ірі ұйымдар) бойынша: 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес басым тәртіппен жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ірі ұйымдардың тізбесі бекітілсін; 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» (келісу бойынша), «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» (келісу бойынша), «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» (Kazakhstan Engineering) (келісу бойынша) акционерлік қоғамдарына ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың басым тәртіппен бәсекелес ортаға беру ұсынылатын еншілес, тәуелді ірі ұйымдарының тізбесін бекіту ұсынылсын. 3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдардың тізбесі бекітілсін. 4. Жергілікті атқарушы органдарға: 1) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес бәсекелес ортаға беру ұсынылатын коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесін бекіту; 2) 4-қосымшада көрсетілген заңды тұлғалар үш рет өткізілген сауда-саттықтың нәтижелері бойынша өткізілмеген жағдайда оларды тарату ұсынылсын. 5. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне (келісу бойынша): 1) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес акционерлік қоғамдардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың бәсекелес ортаға беру ұсынылатын еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесін бекіту; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|