Конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдарының тізбесін және Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы
«Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берілген: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдарының тізбесі; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаментіне: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде, оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіннің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Аталған бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаментіне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
Бас Прокурорының 2018 жылғы 25 қыркүйектегі № 118 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдарының тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|