«Абай облысының су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулерін белгілеу және оларды шаруашылықта пайдалану режимі туралы» Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 17 ақпандағы № 39 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Абай облысының су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулерін белгілеу және оларды шаруашылықта пайдалану режимі туралы» Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 17 ақпандағы № 39 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 28-18 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: жоғарыда көрсетілген қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39-бабының 1-абзацының 2), 2-1) тармақшаларына және 116-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) бекітілген су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларының 5-тармағына сәйкес, Абай облысның әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; көрсетілген қаулының 1- қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|