Ақтөбе облысы әкімдігінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 424 «Карантин режимін енгізе отырып карантиндік аймақты анықтау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 192 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының 2017 жылғы 2 ақпандағы № 06-13/10 ұсынысы негізінде Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 424 «Карантин режимін енгізе отырып карантиндік аймақты анықтау туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3385 тіркелген, 2012 жылғы 28 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.С. Жұмағазиевке жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2017 жылғы 16 наурыздағы № 68 қаулысына қосымша
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 424 қаулысына 1-қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|