Осы редакция 2016 жылғы 15 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 тамыздағы № 204 қаулысымен бекітілген
«Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 44/2 үй, телефон: 8 (7112) 241834 мекенжайында орналасқан «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 12 маусымда № 11342 тіркелді) бұйрығымен бекітілген «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетіледі. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде. 3. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерін беру: 1) оралман мәртебесін алуға алғаш рет жүгінген жағдайда - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалдары (бұдан әрі - ХҚО); 2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) ХҚО-ға, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінгенде - көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын көрсетілетін қызметті берушімен тіркеген сәттен бастап - 5 (бес) жұмыс күні; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|