Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы (Астана қ., 2017 жылғы 21 тамызда)
ҚР 2018 жылғы 13 маусымдағы № 157-VI Заңымен ратификацияланды
2017 жылғы 21 тамызда Қазақстан Республикасы («Қарыз алушы») мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі («Банк») арасындағы келісім. Осы арқылы Қарыз алушы мен Банк мыналар туралы уағдаласты:
I БАП - ЖАЛПЫ ШАРТТАР; АНЫҚТАМАЛАР
1.01. Жалпы шарттар (осы Келісімге қосымшада айқындалған) осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады. 1.02. Егер түпмәтінінен өзгеше туындамаса, онда осы Келісімде пайдаланылатын, бас әріптерден басталатын терминдер Жалпы шарттарда немесе осы Келісімге қосымшада оларға бекітілген мағыналарға ие болады.
2.01. Банк Қарыз алушыға сипаттамасы осы Келісімге 1-толықтыруда келтірілген жобаны («Жоба») қаржыландыруға жәрдем көрсету мақсатында осы Келісімнің («Қарыз») 2.08-бөлімінің ережелеріне сәйкес осы Келісімде айтылған немесе онда оларға сілтемелер жасалған мерзімге және шарттарда Валюталарды конверсиялау арқылы кезең-кезеңмен конвертациялауға болатын алпыс жеті миллион (67000000) АҚШ долларына тең соманы беруге келіседі. 2.02. Қарыз алушы Қарыз қаражатын осы Келісімге 2-толықтырудың IV бөліміне сәйкес алуға құқылы. 2.03. Қарыз алушы төлеуге тиіс Біржолғы комиссия Қарыз сомасының бір пайызының төрттен бірін (0,25%) құрайды. Қарыз алушы Біржолғы комиссияны күшіне енгеннен кейін алпыс (60) күннен кешіктірмей төлейді. 2.04. Қарыз алушы төлеуге тиіс резервке қою үшін комиссия Қарыздың алынбаған қалдығының жылдық бір пайызының төрттен бірін (0,25%) құрайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|