Зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі қызметтерді алу мүмкіндігі туралы әлеуетті зейнетақы төлемдерін алушыларды хабардар ету бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 2 қарашадағы № 412/НҚ және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 1 қарашадағы № 447 бірлескен бұйрығы
Осы редакция 2022 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 1. 2022 жылғы 1 қарашадан бастап зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі қызметтерді алу мүмкіндігі туралы әлеуетті зейнетақы төлемдерін алушыларды хабардар ету бойынша пилоттық жоба іске қосылсын. 2. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша қызметтерді алу мүмкіндігі туралы әлеуетті зейнетақы төлемдерін алушыларды хабардар ету бойынша пилоттық жобаны іске асыру кезіндегі өзара іс-қимыл алгоритмі бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы бірлескен бұйрықты жергілікті атқарушы органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың назарына жеткізсін. 4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бірлескен бұйрық оған мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді және 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|