«Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 104 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 17-бабы 7) тармақшасына, 164-бабына, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексіне сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 355 «Жергілікті атқарушы органдардың құрылымы мен штат санының лимиттері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 174 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы негізінде, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін. 2. Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы: 1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш.С. Бұқтұғұтовқа жүктелсін.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|