|
Орта білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылының басталуы мен аяқталуының мынадай мерзімдері айқындалсын: 2025 жылғы 1 қыркүйек - 2026 жылғы 25 мамырды қоса алғанда: 1-11 (12) сыныптарда оқу жылы ішінде тоқсандардың және демалыстардың ұзақтығы: 1-тоқсан - 8 оқу аптасы, күзгі демалыс - күнтізбелік 7 күн (2025 жылғы 27 қазаннан бастап 2 қарашаны қоса алғанда); 2-тоқсан - 8 оқу аптасы, қысқы демалыс - күнтізбелік 10 күн (2025 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2026 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда); 3-тоқсан - 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс - күнтізбелік 11 күн (2026 жылғы 19-29 наурызды қоса алғанда); 1-сыныптарда қосымша демалыс - күнтізбелік 7 күн (2026 жылғы 9-15 ақпанды қоса алғанда): 4-тоқсан - 8 оқу аптасы. 2. Қорытынды аттестаттаудың мынадай мерзімдері бекітілсін: 9 (10)-сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары - 2026 жылғы 29 мамырдан бастап 11 маусым аралығында; 11 (12)-сынып оқушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары - 2026 жылғы 2-15 маусым аралығында. 3. Қорытынды аттестаттауды өткізудің мынадай мерзімдері бекітілсін: 9 (10)-сынып оқушылары үшін: 1) математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан - 2026 жылғы 29 мамыр; 2) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) - 2026 жылғы 3 маусым; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|