Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 514 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Туындыларды пайдаланудың кейбiр түрлерi үшiн авторлық сыйақының ең төменгi ставкаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қазандағы № 1083 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 38, 508-құжат): 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса берiліп отырған: 1) туындыларды көпшiлiк алдында орындау жолымен пайдаланғаны үшiн авторлық сыйақының ең төменгi ставкалары; 2) туындыларды көпшiлiкке хабарлау жолымен пайдаланғаны үшін авторлық сыйақының ең төменгі ставкалары; 3) туындыларды қайта шығарғаны және (немесе) таратқаны үшiн авторлық сыйақының ең төменгі ставкалары; 4) дыбыстау-бейнелеу туындыларын автордың келісімінсіз жеке мақсатта қайта шығарғаны үшін авторлық сыйақының ең төменгi ставкалары бекiтiлсiн.»; дыбыстау-бейнелеу туындыларын автордың келісімінсіз жеке мақсаттарда қайта шығарғаны үшін авторлық сыйақының ең төменгi ставкалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; 2) «Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төменгі ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 қарашадағы № 1373 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 3, 68-құжат): мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Орындаушыларға және фонограмма шығарушыларға берілетін сыйақының ең төменгі ставкаларын қолдану жөніндегі нұсқаулықты әзірлесін және бекітсін.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|